Ссылки доступа

Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасының 94% анықталды


Тәжікстанның жерді басқару және геодезия жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы Ориф Ходжазода бүгінгі күнге дейін тәжік-қырғыз шекарасының 928 шақырымы (94%) анықталды деп мәлімдеді.

"Тәжікстан мен Қырғызстанның топографикалық тобы биыл соңғы алты айда он екі рет кездесті. Осы аралықта даулы аймақтың 82,3 шақырымы белгіленді. Тағы даулы жер қалды. Келіссөз әлі жүріп жатыр", - деді Ориф Ходжазода 29 шілдеде өткізген баспасөз мәслихаты кезінде.

Үкіметаралық келіссөздің барысы ашық айтылмады.

Ориф Ходжазоданың сөзінше, тәжік-қырғыз шекарасын белгілеуді толыққанды аяқтау үшін қауіпіздік мақсатында келіссөз барысы ашық жарияланбайды.

Бірақ шекара маңындағы тұрғындар келіссөздің құпия өтіп жатқанына алаңдайды.

Тәжік-қырғыз шекарасының жалпы көлемі 987 шақырым. Даулы аймаққа байланысты көп жылдан бері шекара мәселесі дұрыс шешілмей келеді. Сол себептен шекара маңында тұратын тұрғындар арасында жиі жанжал шығады.

XS
SM
MD
LG