Атап айтқанда, қырғыз азаматтарын Ресей әуежайларында жіті тексереді деген. Бірақ Иманғазиев Ресей тараптың қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жасап отырған шарасына түсіністікпен қараймыз деді.
Өз кезегінде Ресей елшісі бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін жеткізген.
Ресейде көктемде болған терактіден кейін мигранттарды тексеру күшейді.
Ресми мәлімет бойынша, биыл Ресейде 411 мыңнан астам қырғыз азаматы жұмыс істеп жатыр.