Бұл жобаның құрылысына 3,5 мың адам және 3 мың көлік тартылып жатыр.
Саид Забихулла Мири сөзінде "Коштепа" каналы бес жылдан кейін нәтижесін береді деді.
Тәліптердің жоспары бойынша, "Коштепа" каналы 500 мың гектар жерді сумен қамтамасыз етуі тиіс.
Осыған дейін сарапшылар "Коштепа" каналы Ауғанстанға орта есеппен 500 миллион доллар пайда әкеледі деген.
Канал толық біткен кезде, Ауғанстан Әмудария суының 15 процентін алады.
Жоспарға сәйкес, каналдың ұзындығы 285 шақырым, ені 100 метр, тереңдігі 8,5 метр болады.