Ссылки доступа

Қырғызстанда Камчы Көлбаевтың анасының мүліктеріне қатысты сот отырысы өтіп жатыр


Судья Камчы Көлбаевтың анасының төсегі жанында.
Судья Камчы Көлбаевтың анасының төсегі жанында.

Қылмыс әлемінің белсендісі болған Камчы Көлбаевтың анасы Мая Әлиеваға қатысты "көлеңкелі ақшаны заңдастыру" бабы бойынша қозғалған қылмыстық іске қатысты сот отырысы жүріп жатыр. Оның атына 13 жылжымайтын мүлік тіркелген.

Сот отырысы Көлбаевтың анасының үйінде өткен. Видео әлеуметтік желілерге жарияланды. Айыпталушы төсек тартып жатыр, оның айналасында судья, прокурор және адвокат отыр.

Мая Әлиеваның адвокаттарының айтуынша, ол 2014 жылы инсульт алған. Алайда прокурор Әлиеваны осыған дейін той, жиындарға қатысып келгенін, сот процесіне қатысуға денсаулығы жарайтынын айтқан. Мемлекеттік айыптаушы 13 нысанды мемлекет меншігіне қайтарғысы келеді.

Камчы Көлбаев былтыр қазан айында арнайы операция кезінде көз жұмды.

XS
SM
MD
LG