Ссылки доступа

Тәжікстанда табиғат апаттары 12 млн доллар шығын әкелді


Биыл алты айда Тәжікстан табиғат апаттары шамамен 131 млн сомони (12 млн доллар) шығын әкелді. Бұл туралы 31 шілдеде төтенше жағдайлар жөніндегі комитет басшысы Рустам Назарзода мәлімдеді.

Оның айтуынша, биыл алты айда 532 табиғат апаты тіркелген.

Назарзода мәліметіне қарағанда, 12 табиғат апатынан 15 адам қаза болған. Тоғыз адам су тасқынынан, төрт адам жай соққаннан, екі адам топырақ көшінен өлген.

Комитет мәліметінше, алты айда елдегі өзендер мен көлдерде 86 адам суға батқан.

Тәжікстан табиғат апаттарынан жиі зардап шегетін елдердің бірі. Жылда осы елде су тасқыны, лай көші, сел болып тұрады. Солар миллиондаған сомони шыған әкеледі.

Биыл көктемде елде су тасқыны көп болып, ондаған үй мен инфрақұрылым нысаны қирады.

XS
SM
MD
LG