Олардың бесеуі әйел. Арасында бес айдан бері сол орталықта отырғандар бар. Айтназаров ол жақта отырғандарға қылмыстық іс қозғалғанын айтты.
"Ресейдің азаматтығын алып, осында көп жылдар тұрып, бала-шағалы, немерелі болып қалғандар бар. Олардың бірқатары әскерге кетіп, бірқатары Қырғызстанға қашып жатыр. Жағдай тұрақталғанша, Ресейге келмей тұрса жақсы болушы еді", - деді Айтназаров.
Ол қыркүйекте Ресейде шетелдіктерге арналған "Нелегал" деп аталатын рейд болатынын, осыған байланысты қырғызстандықтарды Ресейге бармай тұруды ұсынды.