Қылмыс екі ай бұрын жасалған, содан бері жергілікті тұрғындар мазасыз күй кешіп жүрген.
Кісі өлімі ісін бас прокуратураның бір топ тергеушісі жүргізіп жатыр. Қала басшысы Абдусалом Тухтасунзоданың айтуынша айыр қылмысты жасады деген күдікпен бір кісі ұсталған.
Күдіктінің аты-жөні, оның мұндай әрекетке бару себебі әзірге жарияланбай отыр. Дереккөздердің хабарлауынша, ол мүлік ұрлай мақсатында осындай ауыр қылмысқа барған болуы мүмкін.
Қала басшысының айтуынша, биыл алты айда Канибадамда бес кісі өлтіру қылмысы тіркелген.
«Қылмыстардың бәрінің бір-біріне еш қатысы жоқ. Мен істердің бәрімен танысып шықтым, олардың арасында байланыс жоғына көз жеткіздім» дейді Тухтансунзода.
Ол қалада ұрлық әлдеқайда азайғанын айтып отыр. Алайда жергілікті тұрғындар бұған сене бермейді.
Тәжікстанның солтүстігіндегі Канибадам қаласында Санджидхзор ауылының бірнеше тұрғынын өлтірді деген күдікпен қолға түсті.