Ссылки доступа

Ташкентте қамауда отырғандар су жоқтығына шағымданды


Өзбекстан астанасы маңындағы «Таштүрме» деп аталып кеткен орталық тергеу изоляторында отырғандар су жоқтығына шағымданды.

Бұл туралы адвокат Абдумәлік Абдуллаев Telegram-арнасында жазды.

Оның айтуынша, мекемеде суды тәулігіне төрт-алты сағат қана береді.
Абдуллаев «Таштүрмеде» адам шамадан тыс көп екенін, олардың денсаулығын ешкім қарап жатпағанын да атап өтті. Адвокаттың пікірінше, мұндай жағдай абақтыда отырғандар арасында наразылық тудыруы әбден мүмкін.

Ол омбудсменді осы мәселені қарап, соған қатысты есеп дайындауға шақырды.

«Таштүрмеде» әр жылдары саяси тұтқындар отырған. Әсіресе 1990-жылдары Өзбекстанда оппозиция өкілдерін жаппай қудалаған тұста оларды осы түрмеге қамаған.

XS
SM
MD
LG