Ақпаратқа қарағанда, Саидалиев жаза мерзімін жалпы режимдегі абақтыда өткізеді. Оған "Бопсалау", "Алаяқтық", "Қылмыстық топ құру", "Қылмыстық жолмен алынған табысты заңдастыру", "Тәртіпсіздік" және "Пара беруге қатысу" баптары бойынша айыптар тағылған.
Саидазиз Саидалиев бастаған тағы 28 адамның ісі бойынша сот отырысы биыл маусым айында Ташкентте басталған.
36 жастағы Саидалиев пен оның серіктері былтыр желтоқсан айында рейд жүргізу кезінде ұсталған. Онда бұдан бөлек Бахтияр Кудратуллаев (Бахти Ташкентский), Салим Абдувалиев (Салимбай байбача), Лутфулла Умаров (Зики эски шахар) және Баходир Султанов (Бохо завхоз) секілді қылмыстық топтың серкелері ұсталғаны хабарланған.
Осыған дейін Салим Абдувалиев алты жылға, Лутфулла Умаров 6 жыл 2 айға, Баходир Султанов 10 жылға және Бахтияр Кудратуллаев 20 жылға сотталған.