Ссылки доступа

Тәжікстанда Гастроэнтерология институты басшысы қамалғаны теріске шығарылды


Насим Олимзода
Насим Олимзода

Тәжікстанның денсаулық сақтау министрі Жамолиддин Абдуллозода елдің Гастроэнтерология институтының директоры Насим Олимзоданың қамалғаны туралы ақпаратты теріске шығарды.

Министр 5 тамыздағы баспасөз мәслихатында Олимзода жұмыс орнында екенін және жиналысқа қатысқанын айтты.

Ол Олимзодаға қарсы қылмыстық іс қозғалғаны жөнінде мәлімет жоқ екенін айтты.

Маусымның аяғында әлеуметтік желілерде Тәжікстанның бұрынғы денсаулық сақтау министрі, Гастроэнтерология институтының қазіргі директоры Насим Олимзоданың қамалғаны жөнінде ақпарат тараған. Олимзоданың жұмыс бөлмесіне бірнеше рет барған Озоди тілшілері оны таба алмаған.

60 жастағы Насим Олимзода Тәжікстанның денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінде 2017-2020 жылдары істеген.

XS
SM
MD
LG