Ссылки доступа

Қырғызстанда "Жала жабу және балағаттау үшін жауапкершілік" жөніндегі заң жобасы парламентке түсті


Бұл заң жобасын Жогорку Кенешке елдің мәдениет, ақпарат және туризм министрлігі ұсынды.

Заң жобасына сәйкес, ақпарат министрлігі Құқық бұзушылық жөніндегі Кодекстің 107-1 бабына ("БАҚ-та жала жабу мен балағаттау") өзгерістер енгізбек.

Бап екі тармақтан тұрады. Онда бұл бап бойынша айыпты деп танылған жеке тұлғаға 100 мың сом, заңды тұлғаға 200 мың сом айыппұл салу қарастырылған.

Қазір айыппұл көлемі жеке тұлғалар үшін 7500 сом және заңды тұлғалар үшін 23 мың сом деп көрсетілген.

Бұл заң жобасы үкімет басшысы Ақылбек Жапаровтың тапсырмасы бойынша әзірленгені айтылған.

Заңгерлер егер бұл заң жобасы қабылданатын болса, тараптардың бітімге келуі мүмкін болмай қалады дейді.

2010 жылы Қырғызстанда жария түрде жала жабу мен балағаттау үшін қылмыстық жаза алынып тасталған.

Сарапшылар үкіметтен бұл заң жобасын қайтарып алуды сұрайды.

XS
SM
MD
LG