Ссылки доступа

Ресей жарты жылда 17 мың тәжік азаматын елден шығарды


2024 жылдың алғашқы жартысында Ресей Тәжікстанның 17 мың азаматын депортациялады. Бұл туралы 6 тамызда еңбек және көші-қон министрі Гүлнора Хасанзода мәлімдеді. Министр Ресей билігінің мәліметіне сүйенді.

Оның айтуынша, азаматтар түрлі себептерге байланысты депортацияланады, бірақ көбіне олар Ресей заңдарын бұзғаны үшін елден шығарылады.

Еңбек министрінің хабарлауынша, жарты жылда Ресейге еңбек миграциясына Тәжікстанның 380 мыңнан аса азаматы кеткен. Осы уақытта елге Ресейден 324 мыңнан аса азамат оралған.

Министр еңбек миграциясының көші осы уақыт аралығында 16% азайғанын айтты.

XS
SM
MD
LG