«Визасыз жүйе енгізудің алғашқы кезеңінде ол Душанбе-Тегеран және Тегеран-Душанбе әуе қатынасын қолданғандар ғана визасыз жүйені пайдалана алады» деп хабарлады СІМ.
Үш айдан ұзақ уақыт болуды көздейтіндер виза алуы тиіс.
Тәжікстан мен Иран арасындағы меморандумға 2023 жылғы қарашада қол қойылған.
Қазір Тәжікстан мен Иран арасында аптасына үш мәрте әуе рейсі орындалып жүр.
Тәжікстан мен Иран үкіметтері арасындағы меморандум биыл 10 тамызда күшіне енеді. Тәжікстан сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, енді екі елдің азаматтары көрші ел аумағында 90 күн бойы визасыз жүре алады.