Бұл шара экологиялық жағдайды жақсарту мен көліктердің жай-күйін бақылап отыру үшін қолға алынатыны айтылған.
Егер құжат қабылданатын болса, үш жылдың ішінде барлық көліктер техникалық тексеруден өтуі міндетті.
Қазір тек қоғамдық және жүк көліктері ғана тұрақты тексеруден өтеді.
Министрлік мәліметінше, қазір Қырғызстанда 1 млн 600 мың көлік құралы тіркелген. Оның 1 млн 387 мыңы (86,6%) 15 жыл және одан да жоғары өндірістен шығарылған көліктер, олардың 90% ауаны ластап келеді.