Қаражат электр станциясын модернизациялауға, Тәжікстанда электр энергиясы өндірісін арттыруға жұмсалады. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі 6 тамызда хабарлады.
АДБ-ның Орталық және Батыс Азия жөніндегі бас директоры Евгений Жуковтың айтуынша, «Сарбандта» өндірілетін электр қуаты Тәжікстан мен көрші елдердің әжетіне жарап тұр.
Хатлон облысында орналасқан «Сарбанд» ГЭС-ін модернизациялау жұмыстары 2013 жылы АДБ-ның қолдауымен басталған. Сол кезде қаржы ұйымы осы іске 136 млн доллар грант бөлген.
Сарбандты жөндеу жұмыстары 2026 жылы аяқталуы тиіс.
Азия даму банкі Тәжікстанға «Сарбанд» су электр станциясын жөндеу үшін 21 миллион доллар грант бөледі.