Ссылки доступа

CІМ қазақстандықтарды Бангладешке бармай тұруға шақырды


Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Бангладеште жалғасып жатқан наразылықтарға байланысты бұл елге бармай тұруды ұсынды.

"Қазір Бангладеште тұрып жатқан Қазақстан азаматтарын шұғыл болмаған жағдайда тұрып жатқан үйінен ешқайда кетпеуін сұраймыз. Қауіпсіздікті барынша сақтап, жаңалықтарды қадағалап, биліктің ұсыныстарын орындап, Қазақстан елшілігімен байланыста болуын сұраймыз", - делінген мекеме таратқан хабарламада.

Бангладеште қазір саяси сілкініс болып жатыр. Бірнеше аптадан бері болып жатқан үкіметке қарсы наразылық кезінде 300-ден астам адам қаза тапты.

5 тамызда елдің премьер-министрі Шейх Хасина отставкаға кетіп, Үндістанға қашты. Уақытша үкіметті банкир, экономика профессоры, Нобел сыйлығының лауреаты Мухаммад Юнус басқарды.

Наразылық жасап жатқан тараптың лидерлері парламентті таратып, жаңадан сайлау өткізуге шақырды.

Наразылық студенттердің Тәуелсіздік үшін күрескен соғыс ардагерлерінің туыстарына берілетін жұмыс квотасын алып тастауды талап етуден басталды. Мұның соңы саяси талаптарға ұласты. Елді 15 жылдан бері басқарып келген Хасинаның отставкасын талап етті.

XS
SM
MD
LG