Ссылки доступа

Тәжікстанда жарты жылда 50-ден аса қоғамдық ұйым қызметі доғарылды


Тәжікстанда алты айда 53 қоғамдық ұйым жабылды. Бұл туралы 8 тамызда әділет министрлігінің басшылары хабарлады.

Министрлік өкілі Илхом Махмудзоданың хабарлауынша, үш қоғамдық ұйым сот шешімі негізінде жабылған. Олар: «Равные возможности», «Парвин» және «Нури умед Истаравшан».

Әділет министрінің орынбасары Асадулло Хакимзоданың айтуынша, «ұйымдар жарғыда көрсетілген мақсаттан ауытқыған».

Қалған 50 ұйым өз еркімен жабылған. Олардың дені грант жоқтығынан қызметін тоқтатуға мәжбүр болған.
Мәліметтерге қарағанда, биыл алты айта жаңа 48 қоғамдық ұйым тіркелген.

Халықаралық ұйымдар Тәжікстанда қоғамдық ұйымдардың жабылуына алаңдап отыр. Еуроодақтың Душанбедегі өкілдігі мұндай теріс үрдісті «демократияға қайшы» деп атады.

Ресми мәлімет бойынша, Тәжікстанда барлығы 2 мыңнан аса қоғамдық ұйым тіркелген.

XS
SM
MD
LG