Ссылки доступа

Ташкентте милиция көлігінен секіріп кеткен ер адам қайтыс болды


Ташкент облысында құқық қорғау органдарының жүріп бара жатқан көлігінен секіріп кеткен тұрғын қаза болды. Бұл жөнінде Ташкент облыстық прокуратурасы мәлімдеді.

Мекеме мәліметіне қарағанда, 26 шілдеде мас күйінде тұрғын көлік жуу орнында шу шығарған. Ол жерге барған милиция қызметкерлері оны көлікке салып, сауықтыру орнына алып кеткен. Жолда ол жүріп бара жатқан көліктің есігін ашып, секіріп кеткен.

Ол алған жарақатынан ауруханада қайтыс болған.

Бұл оқиға бойынша "Адам өліміне алып келген жол қауіпсіздік және көлік құралдарын пайдалану ережесін бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, құқық қорғау қызметкерлеріне қатысты тексеру басталды.

XS
SM
MD
LG