Адвокаты Бақтыбек Жұмашев Мая Алиева Пробация департаментіне тіркеуге тұратынын, түрмеге қамалмайтынын айтты. Ол аудандық сот шешіміне қарсы Бішкек қалалық сотына арыз бергенін жеткізді.
Істегі тағы бір айыпталушы Нұрия Тентешова сегіз жылға еркінен айырылды. Сот шешімі күшіне енгеннен кейін, оған іздеу жарияланады.
Бұдан бөлек Мая Алиеваның атына тіркелген 13 мүлік, Тентешованың атындағы 5 мүлік мемлекет есебіне өтеді. Олардың ішінде Шолпан атадағы үй және сауда орталығы, "Народный" дүкені, "Барс" демалыс орны және Бішкектегі жеке үйлер мен пәтерлер де бар.
Сот отырысы айыпталушылар Мая Алиева мен Нұрия Тентешованың қатысуынсыз өтті. Мая Алиева денсаулығына байланысты қатыса алмайтынын білдірген. Ал Нұрия Тантешованың қайда екені белгісіз.
Қырғызстанда "қылмыс әлемінің серкесі" аталған Камчы Көлбаев былтыр 4 қазанда Бішкекте арнайы операция кезінде өлтірілген. Бұл оқиғадан кейін оның барлық дүние мүлкі тәркіленген.