Ссылки доступа

Өзбек боксшысы Дусматов Олимпиаданың екі дүркін чемпионы атанды


 Хасанбой Дусматов
Хасанбой Дусматов

Париждегі Олимпиада ойындарында бокстан 51 кг салмақ дәрежесіндегі жарыстар аяқталды. Финалда Рио-2016 ойындарының жеңімпазы, өзбек боксшысы Хасанбой Дусматов француз Биллаль Беннамды жеңді.

31 жастағы Хасанбой Дусматов осылайша Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы атанды. Боксшы 2016 жылы Риода өткен Олимпиада ойындарында да алтын алған.

Тағы бір Өзбекстан спортшысы, 22 жастағы Ұлықбек Рәшитов тхэквондодан олимпиада чемпионы атанды. Финалда өзбек атлеті иордан атлеті Заид Кәрімді жеңді.

Осылайша Рәшитов осымен екінші мәрте Олимпиада алтынын алып отыр. Ол 2020 жылы Токиодағы ойындарда топ жарған.

Париждегі ойындарда өзбек делегациясы үш алтын және екі қола жүлде жинап, Өзбекстан жалпы есепте 18-орынға көтерілді.

XS
SM
MD
LG