Ссылки доступа

Қырғызстандық Айпері Медетқызы қола үшін күресте жеңілді


Париж Олимпиадасында Айпері Медетқызы 11 тамызда әйелдер күресінен 76 келіге дейінгі салмақта 3 орын үшін беттесуде кубалық Милаймис де ла Каридад Марин Потриллден жеңіліп(0:6), 5 орынды иеленді.

Айпері бұл Олимпиадада төрт беттесу өткізді. Алғаш 1/8 финалда қытайлық Ван Цзюанды (4:1), ширек финалда индиялык Ритика Худаны (1:1) жеңген. Жартылай финалда америкалық Кеннеди Алексис Блейдстен жеңілді (6:8).

25 жастағы Айпері Медетқызы Олимп ойындарына екінші рет қатысты. Үш жыл бұрын Токио Олимпиадасында 5 орын алған.

Париж Олимпиадасы тәуелсіз Қырғызстан тарихында қырғыз спортшылары ең көп бәйге алған Олимпиада болып қалды. Осыған дейін қырғыз спортшылары Сидней Олимпиадасында бір қола, Бейжіңде бір күміс, екі қола және Токио Олимпиадасында екі күміс, бір қола алған.

XS
SM
MD
LG