Баратовқа қарсы қылмыстық іс былтыр, әлеуметтік желідегі жұмыртқаның қымбаттауына байланысты жазбасына қатысты қозғалған. Ол тауықтың суретін салып, "қораздарды соғыстан қайтарыңдар!" деген жазба қалдырған.
Бұл жазбаға қарсы кремлшіл блогерлер шағымданған.
Баратовтың өзі лингвистикалық сараптама әділ жүрмегенін, сот шешімі заңсыз екенін айтып, өзінің ісін адам құқықтары бойынша Еуропалық сот қарауы тиіс деген.
Биыл ақпан айында Усман Баратовтың аты-жөні экстремистер және террористердің тізіміне енгізілді.