Салайдин Айдаровқа "ұйымдасқан қылмыстық топты қаржыландырды" деген айып тағылды.
Бұл баппен Ошта кәсіпкер ретінде танымал, бұрынғы милиция қызметкері Жалил Атамбаев та ұсталып, 4 қыркүйекке дейін қамауға алынды.
2018 жылы Салим Абдувалиев пен қырғызстандық экс-депутат Нұрғазы Айдаров және бұрынғы милиция қызметкері Жалил Атамбаев бар делінген видео тараған. Ол видеодан құшақтасқан үшеудің "Абдувалиев - тірегіміз, ол президент Сооронбай Жээнбековті қолдайды" деген сөздерді ұғуға болады. Кейін бұл видеоға қатысты президент әкімшілігі Сооронбай Жээнбековтің Салим Абдувалиевпен ешқандай қатысы жоқ екенін мәлімдеген.
55 жастағы Салайдин Айдаров - Жогорку Кеӊештің VI шақырылымдағы депутаты. Оның ағасы Нұрғазы Айдаров та осы шақырылымда депутат болған.