Ссылки доступа

Google ресейлік YouTube-блогерлер үшін монетизацияны өшірді


Ірі жарнама желісі Google AdSense Ресейдегі жұмысын тоқтатты. Бұл жөнінде Cnews басылымы Google компаниясының ресми хатына сүйеніп хабарлады.

Хатта Ресейде тіркелген барлық аккаунттар өшірілетіні айтылған. Бұл аккаунттар енді монетизациядан табыс таба алмайды.

CNews жазғандай, AdSense'тің Ресейден кетуі – YouTube-блогерлерге ғана емес, басқа сайттарға да кесірін тигізеді. AdSense арқылы жарнама жариялап келген Ресей сайттарының иелері табыссыз қалады.

2022 жылы Ресей Украинада толық масштабты соғыс бастағаннан кейін YouTube ресейлік қолданушылар үшін монетизацияны толық өшірген. Бірақ AdSense Ресейдегі блогерлерге контекстік жарнамадан ақша табуға мүмкіндік беріп келген.

XS
SM
MD
LG