Ссылки доступа

Израиль әскерін аса жоғары дайындықта ұстап отыр


Израиль елдегі қарулы күштерін аса жоғары дайындықта ұстап отыр. Иран мен "Хезболла" тобы Израиль аумағын атқылауы мүмкін деген қауіппен осындай шешім қабылданған.

Бұл туралы The Wall Street Journal дереккөздеріне сүйене отырып хабарлады.

Газета мәліметінше, Израиль Иран мен "Хезболла" шабуылға дайындалып жатқанын білген, алайда шабуыл жасалар-жасалмасы әзірге толық белгісіз. Израиль армиясының өкілі Даниэль Хагаридің айтуынша, авиация күштері Ливанмен арадағы шекараны күзетуді күшейтті.

Осының алдында Израиль әскери әуе күштерінің қолбасшылығы жауынгерлердің шетелге сапарын уақытша тоқтату туралы жарлық шығарған.

Ливан ақпарат құралдарының хабарлауынша, "Хезболла" Бейруттің оңтүстігіндегі кеңселерін көшіре бастады. Соған қарағанда, ұйым Израильдің шабуылға соққымен жауап беруінен қауіптенсе керек.

АҚШ өңірге сүңгуір қайық жолдап, тағы бір әскери кемесін аймаққа жіберумен айналысып жатыр. Бұл туралы The Wall Street Journal жазды.

АҚШ президенті Джо Байден Германия, Франция, Италия және Ұлыбритания басшыларымен келіссөз жүргізіп, Таяу Шығыстағы жағдайды талқылады.

Иран билігі 31 тамызда Тегеранда ХАМАС жетекшілерінің бірі Исмаил Ханияны өлтіргені үшін Израильден кек алуға уәде берген. Израиль Ханияны өлтіруге қатысы барын растамады.

XS
SM
MD
LG