Тапсырманы орындаудан бас тартқан мұғалімдер 500 мың сумнан (40 доллар) төлеуі тиіс болған.
Бұдан бөлек директор мұғалімдерден мектептің жөндеу жұмыстарына оқушылардың ата-аналарынан 20 мың сумнан (1,5 доллар) жинаған.
Бұл мәліметті мемлекеттік еңбек инспекциясы тексерген. Мектеп директорының Еңбек кодексінің 5-бабын бұзғанын анықтап, қаулы шығарған. Оған сәйкес, директорға 17 млн сум (1350 доллар) көлемінде айыппұл салған.