Ссылки доступа

Тәжікстанда Куляб мешітінің танымал имам-хатибы қызметінен кетті


Тәжікстанда Совет заманынан бері келе жатқан танымал діни қызметкер Хайдар Шарифзода молда Кулябтағы мешіттің имам-хатибы қызметінен кетті.

Ол көптеген жыл бойы Кулябта сархатиб (Тәжікстанның әр ауданында имам-хатибтарды бақылайтын бір сархатиб сайланады. Оның кандидатурасын дін істері жөніндегі комитет бекітеді) болып қызмет еткен.

13 тамызда Озоди радиосына берген сұқбатында ол жасына байланысты қызметті өзге адамға ұсынып, кеткенін айтты. Хайдару Шарифзода молданың жасы қазір 78-де.

Хайдар Шарифзода молда 90-жылдардың басындағы азаматтық соғыста белсенді болып, қазіргі үкіметтің ұстанымын қолдаған.

Соңғы жылдары ол Куляб мешітінде жұмыс істеп, саяси істерден алшақтаған. Бірақ оның аты-жөні жастарды Иран мен Сирияға соғысқа жіберуде белсенді болған адам ретінде аталады.

Тәжікстанда жалпы төрт мыңнан астам мешіт тіркелген.

XS
SM
MD
LG