Ссылки доступа

Бішкек Болгарияда тәркіленген есірткі Қырғызстаннан келді дегенді жоққа шығарды


Қырғызстан ішкі істер министрлігі болгар билігінің тәркіленген жүздеген келі есірткі қайдан келгеніне қатысты мәліметін жоққа шығарды.

Министрліктің мәлімдеуінше, Қырғызстанның Болгарияда табылған жүкке ешқандай қатысы жоқ.

Associated Press агенттігі 13 тамызда Болгария құқық қорғау органдары 436 кг героин тәркілегенін хабарлаған. Ескірткінің жалпы құны - шамамен 38 миллион доллар.

Болгария прокуратурасының хабарлауынша, жүк кедендегі тексеріс кезінде табылған. Алдын ала мәлімет бойынша, жүк тиелген контейнер Қара теңіз жағалауында Бургас портына шілденің аяғында Қырғызстаннан Грузиядағы Батуми порты арқылы келген. Контейнерді одан әрі қарай Грекияға жіберу керек болған.

XS
SM
MD
LG