Ссылки доступа

Кәрім Мәсімовтің күйеу баласын іздестіріп жатыр


Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы болған Кәрім Мәсімовтің күйеу баласы Азамат Қапеновке іздеу жарияланды. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі хабарлады.

Құқық статистикасы мен арнайы есеп органдарының порталында Сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметі Азамат Қапеновті іздестіріп жатқаны туралы мәлімет жарияланды. Іс Шығыс Қазақстан облысында тіркелген.

Бұқаралық ақпарат құралдары оны Кәрім Мәсімовтің күйеу баласы, экс-шенеуніктің үлкен қызына үйленген деп жазады

Ақпарат агенттігінің болжамына қарағанда, Азамат Қапеновке "БИПЭК-Авто" ісі аясында іздеу жарияланған болуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG