Ссылки доступа

Тәжікстанда экстремизм айыбымен қамалған имам еркіндікке шықты


Тәжікстанның Соғды облыстық прокуратурасы Бобожон Гафуров ауданындағы мешіттің имам-хатибы мен тағы екі адамның қамалуы бойынша төрт айдан соң пікір білдірді.

Мекеме мәліметіне қарағанда, үшеуі тыйым салынған діни ұйымдарға мүше болған деген күдікпен қамалған. Кейін имам-хатиб босатылып, қалған екеуінің ісі сотқа өткен.

Қожа Мухаммади Балодуркун атындағы мешіттің имамы Ихтиер қожа Камолов, мешіт қызметкері Бахтиер Акбаров және жергілікті тұрғын Мурзобухрон Салмонзода сәуірдің басында қамалған.

Соғды облысының прокуроры Фуркат Ходжазоданың сөзінше, шілде айында имам-хатиб рақымшылық туралы заң негізінде бостандыққа шығарылған. Ол имамның кінәсі "толығымен дәлелденді" деді.

"Қамалғандардың бәрі экстремизммен айыпталды. Имамға, оның орынбасарына және жергілікті тұрғынға қылмыстық іс қозғалып, тергеу аяқталғаннан кейін іс сотқа жөнелтілді. Бүгінгі күні бұл бойынша сот отырысы жалғасып жатыр", - деді прокурор.

Егер айыпталушылар кінәлі деп танылса, 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG