Ссылки доступа

Түркия алаяқтықпен айыпталған өзбек азаматтарын отанына депортациялады


2022 жылдан бері алаяқтықпен іздеуде жүрген 38 жастағы Дилафруз Мадиева Түркиядан Өзбекстанға депортацияланды. Бұл туралы Өзбекстанның Стамбұлдағы бас консулдығы мәлімдеді.

Ақпаратқа қарағанда, Мадиева түрік және өзбек құқық қорғау органдарының Стамбұлдағы бірлескен шұғыл операциясы барысында ұсталған. Ол өзбекстандықтарды АҚШ және Еуропаға жіберуге уәде беріп, ақша алып жүрген.

Алаяқтық бойынша іздеуде жүрген 37 жастағы Барно Инотова Өзбекстанға 12 тамызда жеткізілді.

Өзбекстанның Статистика агенттігінің мәліметіне қарағанда, 2024 жылдың алғашқы жартысында Түркияға 91,8 мың өзбек азаматы шығып кеткен. Бұл былтырғы жылдың алғашқы жарты жылымен салыстырғанда 21,2% көп.

XS
SM
MD
LG