Мекеме мәліметінше, бұл іске байланысты әлеуметтік желілерде көптеген жалған ақпарат тарап жатыр.
"Бұл іс бойынша қамалған кәмелетке толмаған жасөспірімдер сот шешімі бойынша үйқамаққа шығарылды. Жәбірленуші тарап алты айдан бері арызданған емес. Қазір іс бойынша сараптама дайындалып, жан-жақты, объективті тергеу жүріп жатыр", - деп жазылған ІІМ мәлімдемесінде.
Бұдан бөлек айыпталушылардың ата-анасына "Бала тәрбиесіндегі міндеттерін орындамау" бабы бойынша қылмыстық іс ашылып, тергеу істері жүріп жатқаны хабарланды.
Бірнеше күн бұрын "Немолчи" қорының жетекшісі Дина Таңсәрі Қызылорда облысында "16 жастағы қызды сыныптастары жарты жыл жыныстық құлдықта ұстағанын" жазған.
Қордың мәліметінше, күдіктілер "қыздың телефонын тартып алып, оның ата-анасына қысқа хабарламалар жіберіп отырған". Оның жалаңаштанған видеоларын туыстары мен достарына жібереміз деп қорқытқан. Қыздың өзіне жақындарын өлтіреміз деп тұрақты түрде қоқан-лоқы жасап, қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген.