Ссылки доступа

Өзбекстанда экс-министр 7 жылға сотталды


Өзбекстанның тұрғын-үй коммуналдық қызмет көрсету жөніндегі министрі болған Нурафшан Музаффар Салиев 2024 жылдың наурыз айында жеті жылға бас бостандығынан айырылған.

Шайхантахур аудандық сотының шешіміне сәйкес, "аса ірі көлемде бюджет қаржысын талан-таражға салу" бабы бойынша айыпты деп танылды.

Ол сонымен бірге 63 млрд сумды мемлекетке қайтаруы тиіс.

Бұдан бөлек дүние-мүлкі тәркіленді.

30 шілдеде Ташкент қалалық сотының апелляциялық инстанциясы аудандық соттың шешімін өзгеріссіз қалдырған.

XS
SM
MD
LG