Ссылки доступа

Үндістанда мыңдаған әйел гендерлік зорлыққа қарсы наразылыққа шықты


15 тамызға қараған түні Батыс Бенгалияда он мыңдаған әйел гендерлік зорлыққа қарсы наразылыққа шықты деп хабарлайды BBC News.

Бір апта бойы жалғасып жатқан Reclaim the Night ("Түнді өзімізге қайтарамыз") деген атау алған марш өзінің кульминациялық деңгейіне жеткен. Наразылық өткен аптада Калькуттада мемлекеттік ауруханада жұмыс істейтін 31 жастағы дәрігер әйелді зорлап, өлтірілгеннен кейін басталды.

Оқиға 9 тамызда болған. 36 сағатқа созылған жұмыстан кейін семинарлар өткізетін бөлмеде ұйықтап қалған. Келесі күні оның өлі денесі табылған. Күдікті ретінде ауруханада істейтін ерікті ұсталған.

Наразылық Үндістанның бірнеше қалаларында жалғасқан.

XS
SM
MD
LG