Ссылки доступа

Ресейде ата-ана қамқорлығынан айрылған 8 бала Өзбекстанға қайтарылды


Ресейде ата-ана қамқорлығынан айрылған бір топ бала 14 тамызда Новосібірден Өзбекстанға оралды.

"Дуньё" ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Өзбекстан бас консулдығы Ресей қалаларында ата-ана қамқорлығынсыз қалған 14 жасқа дейінгі сегіз бала Новосібір қаласына алдырылды. Олар Иркутск, Красноярск және Владивостоктан жеткізілген.

"Консулдық Ресей жағының қажетті құжаттарды тезірек дайындауы үшін бар күшін салды" деп хабарлады мекеме. Олар Өзбекстанға аман-есен жетті.

Консулдық балалардың ата-ана қамқорлығынан айрылу себебін түсіндірген жоқ.

Өзбекстанның отбасы және әйелдер комитеті өткен айда Ресейде қараусыз қалған жеті бала елге жеткізілгенін хабарлаған.

XS
SM
MD
LG