Билік өкілдерінің айтуынша, олардың бәрі "ескі", сол себепті басқа елге сату немесе бөлшектеу керек. Тәжікстан 2 қазаннан бастап 2013 жылға дейін шығарылған автокөліктерді елге кіргізуге тыйым салды.
Алайда кәсіпкерлер автокөліктерді үкімет тыйымы күшіне енгенге дейін алғанын, бірақ Тәжікстанға уақытылы жеткізе алмағанын айтты. Енді олар биліктен ескі автокөліктерді кеденде рәсімдеуге рұқсат сұрап отыр.
"Оларды 2023 жылғы сәуір-мамырда сатып алғанымызды растайтын құжаттар бар. Әуелі шектеу мерзімі 2024 жылға шегеріледі деген әңгіме шықты. Біз соған сеніп қалдық. Оның үстіне, автокөліктерді Иранның Бандар-Аббас порты арқылы жібергенміз. Жол жабылып қалып, елге дер кезінде жеткізе алмадық" дейді кәсіпкерлердің бірі.
2023 жылғы тамызда тәжік үкіметі ескі автокөліктерді елге кіргізуге тыйым салатын қаулы жобасын жариялап, құжат сол жылы 2 қазанда күшіне енді.