Бұған дейін Аламудун аудандық соты мен Шу облыстық соты Олжобой Шәкірді бес жылға бас бостандығынан айырған.
Шу облысы Аламудун аудандық сотының үкімі биыл мамырдың ортасында шыққан. Сот оны "билік өкілінің заңды талабына бағынбауға, жаппай тәртіпсіздікке үндеді" деп таныған.
Содан кейін жазушының қорғаушылары Шу облыстық сотына шағымданған. Алайда сот үкімді өзгертпеген.
Шәкірдің өзі сотта тағылған айыптарды мойындамайтынын, жиындардың кейбірінде тым ащы сөйлеп жібергенін, бірақ жаппай тәртіпсіздікке үндемегенін айтқан. Жазушы халық пікірін билікке жеткізуге, саяси мәдениет қалыптастыруға талпынғанын мәлімдеген.
Шәкірді ұстаған ҰҚМК өкілдері оның әлеуметтік желілерде жариялаған жазбаларынан "арандатуды көздейтін үндеулер" табылғанын хабарлаған. Жазушының өзі қылмыстық іс ешқандай негізсіз қозғалды деп есептейді.