АЭС салу бойынша қоғамдық талқылау елдің 19 қаласында, Алматы, Қарағанды, Түркістан, Шымкент, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Орал, Өскемен, Семей және Талдықорған қалаларында өткен.
АЭС Балқаш көлінің жағасындағы Үлкен ауылында салынуы мүмкіндігі айтылып келеді. Ақпаратқа қарағанда, қуаты 1200-1400 МВт болатын екі реактордан тұрады.
Қазақстан үкіметінің дерегінше, атом реакторын салуға Франция, Оңтүстік Корея, Қытай мен Ресей компанияларының бірі таңдалуы мүмкін.
Белсенділер АЭС салуға Ресей компаниясы таңдалса, бұл Қазақстанның көрші мемлекетке экономикалық тәуелділігін күшейтеді деп есептейді. Олар АЭС салынатын Балқаш көлінің болашағына да алаңдайды.
Белгілі эколог Мэлс Елеусізов қазір дамыған елдер жасыл энергетикаға көшіп, бірқатар Еуропа мемлекеттері АЭС-тен бас тартып жатқанын айтты.
Қазақстанның барлық өңірінде қоғамдық талқылау өткен соң, АЭС салу мәселесі жалпыхалықтық референдумға шығарылады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев референдум биыл күзде өтетінін айтқан. Бірақ әзірге референдум күні белгіленген жоқ.