"Аталған аймақтарда білім алып жатқан студенттерге мүмкін болса, уақытша онлайн оқуға өтуді ұсынамыз", - деп жазылған мәліметте.
6 тамызда таңертең украин әскерлері Ресейдің Курск облысының аймағына кіріп, бірнеше шақырым жерге алдыға жылжыды.
Ресми Киев Ресеймен шекаралас аймақтарда "қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мәселелерді шешіп жатқанын және ол аймақтарды оккупациялап алуға мүдделі емес" екенін білдірген.