Gazeta.uz есебіне қарағанда, 2022 жылғы Олимпиадаға дайындалу үшін Өзбекстан үкіметі бюджеттен 135 миллиард сум, ал 2023 жылы 216 миллиард сум, 2024 жылы 250 миллиард сум бөлген. Олимпиада дайындалуға кеткен үш жылда республика бюджетінен 600 млрд сумнан (шамамен $50 млн) аса қаражат аударылған.
Өзбекстан Олимпиада жүлдегерлерін асыра марапаттайтын елдер қатарына кіреді. Президент жарлығына сәйкес, алты медаль деңіп алған спортшы бюджеттен 200 мың доллар, күміске 100 мың доллар, қолаға 50 мың доллар алады. Атлеттердің бапкерлеріне жүлде сапасына қарай 50, 25 және 12,5 мың доллар төленеді.
Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында Өзбекстан құрамасындағы спортшылар 13 медаль жеңіп алды (8 алтын, 2 күміс және 3 қола). Жүлдегерлерге бюджеттен 1,95 миллион доллар аударылды.
Ақшалай сыйлықтан бөлек, биыл өзбек үкіметі жүлдегерлерге автокөлік сыйлады. 13 автокөліктің жалпы құны 10,27 миллиард сум немесе 813,3 мың доллар.
Бұған қоса жеңімпаздарға екі қабатты коттедждер мен пәтерлер сыйға тартылды. Олардың қанша тұратыны белгісіз.
Gazeta.uz есебіне қарағанда, бір ғана медаль Өзбекстан бюджетіне орта есеппен 3,89 млн долларға, сыйлықтарымен қоса есептегенде – 4,14 миллион долларға түсті.
Басылым оны көрші елдердің шығынымен де салыстырған. Мәселен, Қазаұстан үкіметі Олимпиада ойындарына дайындыққа 980 миллион теңге (25,77 млрд сум) бөлген. Бұл Өзбекстанға қарағанда 23,3 есе аз көрсеткіш.