Қазақстанда маймыл шешегін жұқтыру фактісі тіркелмеген. Алайда инфекция елге кірмес үшін әуежайлар мен шекара өткелдерінде бақылау шаралары күшейтіліп, маймыл шешегі тіркелген елдерден келген азаматтарға баса назар аударылмақ деп хабарлады ведомство.
Министрлік аталған ауру жылдам тарап жатқан елдерге баруды жоспарлап отырған қазақстандықтарға қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертті.
Маймыл шешегін жұқтырған адамның дене қызуы көтеріліп, бұлшықеттері ауырады, денеде бөртпе пайда болады. Әдетте ол үш-төрт апта ішінде өтіп кетеді, алайда адам өлімі де тіркелген.
14 тамызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Африканың бірқатар елдерінде аталған аурудың жылдам таралуына байланысты денсаулық сақтау саласында төтенше жағдай жариялаған.