Ақпаратқа қарағанда, сот тергеу органдарының өтінішін қанағаттандырып, Лутфулло Назримад, Жумахон Курбонов, Ёкубжон Юсуфзода және Мухаммад Шарифзоданың қамаудағы мерзімін тағы үш айға, 22 қарашаға дейін ұзартты.
Сот отырысы жабық өткен.
16 тамызда Басман аудандық соты "Крокус Сити Холл" ісі блйынша қамаудағы тағы төрт адамның (бәрі тәжік азаматтары) – Мухаммадсобир Файзов, Муродали Ражабализода, Фаридун Шамсиддин және Далержон Мирзоевтың бөгет шарасын қарап, олардың қамаудағы мерзімін 22 қарашаға дейін ұзартты.
"Крокус Сити Холлдағы" теракт ісіне байланысты жалпы 12 адам айыпталушы ретінде өтіп жатыр.
Биыл 22 наурызда болған "Крокус Сити Холлдағы" терактіде кем дегенде 144 адам қаза тапты. Олардың біразы шабуылдан қайтыс болса, көбі ғимараттағы өрттен уланып қаза болған.