Ссылки доступа

Өзбекстан маймыл шешегінің таралуына байланысты сақтық шараларын күшейтті


Өзбекстан маймыл шешегінің (mpox) жаңа штаммын (Clade 1b) елге кіргізбеу үшін вирусты ерте анықтау және оның эпидемиялық тараудың алдын алу бойынша шұғыл шаралар енгізіп жатыр.

Бұл жөнінде Санитарлық-эпидемиологиялық және қоғамдық салауатты сақтау комитеті мәлімдеді.

Мекеме мәліметінше, елде инфекциялық ауруханаларда қосымша орындар әзірленіп, қажетті дәрі-дәрмектің қоры толықтырылып жатыр. Бұдан бөлек шекараларда, әуежайларда санитарлық бақылау күшейген.

Маймыл шешегін жұқтырған адамның дене қызуы көтеріліп, бұлшықеттері ауырады, денеде бөртпе пайда болады. Әдетте ол үш-төрт апта ішінде өтіп кетеді, алайда адам өлімі де тіркелген.

14 тамызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Африканың бірқатар елдерінде аталған аурудың жылдам таралуына байланысты денсаулық сақтау саласында төтенше жағдай жариялаған.

XS
SM
MD
LG