Кездесуде үкімет пен "Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан темір жол компаниясы" жауапкершілігі шектеулі қоғаммен арадағы инвестициялық келісім талқыланды.
Мекемеаралық комиссия Қырғызстанда темір жол желісін дамыту, жаңа темір жол құрылысы жобасын жүзеге асыру мақсатында құрылған.
Жиналыс қорытындысы бойынша тиісті министрліктер мен мекемелерге комиссия жұмысы барысында туындаған мәселелерді тез арада шешу тапсырылды.
Қытай, Қырғызстан және Өзбекстан үкіметтері халықаралық темір жол құрылысын бастау жөніндегі келісімге 2024 жылғы 6 маусымда Пекинде қол қойған.