Елдің Қарулы күштері (ЦАХАЛ) 20 тамызда мәлімдегендей, алты израил азаматының денесін әскерлер Газаның оңтүстік бөлігіндегі Хан-Юнис қаласындағы туннелдердің бірінен алып шықты.
The Times of Israel басылымы жазғандай, олардың кішісі 35-те, үлкені 80 жаста болған. Үшеуінің өлімі туралы хабарлар биыл жыл басында шыққан. Қалғандарының қандай жағдайда қаза тапқаны белгісіз.
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху қаза болғандардың туыстарына көңіл айтып, кепілдікке алынған адамдардың бәрін қайтаруға әрекет жасайтынын білдірді.