Іс материалдарына сәйкес, Султанов тендер өткізбестен және жоба-смета құжаттарын толтырмастан құрылыс бастау жөнінде бұйрық берген.
Бұдан бөлек ол облыстық құрылыс басқармасында істеп тұрғанда, құрылысы бітпеген көп қабатты үйді қабылдауға тапсырма беріп, мемлекетке ірі сомада зиян әкелген.
Сот Сұлтановты Қылмыстық кодекстің "ірі көлемде ақша жымқыру, ірі көлемдегі алаяқтық, қызмет бабын асыру пайдалану" баптары бойынша кінәлі деп тапты.
Саидахмад Султанов Наманган облысы әкімінің орынбасары қызметіне 2020 жылдың қазан айында келген. 2023 жылдың желтоқсан айында қамауға алынды.