Ссылки доступа

IPHR тәжік билігін "жат" киімдерге тыйым салу шешімін жоюға шақырды


"Адам құқықтары жөніндегі халықаралық әріптестік" (IPHR) ұйымы тәжік билігін ұлттық мәдениетке "жат" киімдерді киюге тыйым салған талаптарды жоюға шақырды.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, бұл шектеулер адам құқықтары бойынша халықаралық талаптарға, оның ішінде дін еркіндігі және өз пікірін еркін айту құқықтарына қайшы келеді.

Бұл туралы ұйымның 19 тамызда жариялаған мәлімдемесінде айтылды.

Тәжікстанда биыл маусымда күшіне енген "Салттарды және ырымдарды тәртіпке келтіру жөніндегі" заңның жаңа редакциясына сәйкес, елде ұлттық мәдениетке сәйкес келмейтін киімдерді киіп алуға, сатуға және қоғамдық орындарда киюге тыйым салынады.

Заңда "жат киімдерге" қандай киімдер кіретіні нақты айтылған емес. Бірақ сарапшылар тәжік билігінің осыған дейінгі әрекеттерін еске алып, әңгіме мұсылмандар киімі жөнінде болуы мүмкін дейді.

XS
SM
MD
LG