20 тамызда құжаттардың көшірмесімен танысып шыққан "Озоди" радиосы Мухиддинов бұрынғы әйелін аңдуға және адам сатумен әлектенген ірі трансұлттық топтардың ісіне қатысуға айыпталып жатыр деп хабарлады.
Іс материалдарына сәйкес, Мухиддинов бұрынғы әйелін адам сату топтары арқылы Тәжікстанның АҚШ-қа заңсыз жөнелткен. Ол бұрынғы әйеліне қорқытып-үркітетін аудио жазбалар жіберіп, көлігіне Apple AirTag жабдығын орнатып, артынан аңди бастаған. Мухиддинов мұндай қадамдарға қызғаныштан барды дейді.
Мухиддинов 17 мамырда ұсталған.
Тергеушілер Мухиддинов "Ресейден басқарылған және ірі қаржы ресурстарына иелік еткен" адам сату бойынша трансұлттық топтың мүшесі екенін айтқан. Тергеу барысында 2022 жылдың жеті айында оның банк есеп-шотына 2,3 миллион доллардан астам қаржы түскені, екінші есеп-шотына 2023 жылдың үш айында 2,2 миллион долларға транзакция жүргізілгені анықталған.
11 маусымда АКШ-та "Ислам мемлекеті" террорлық ұйымына қатысы бар деген күдікпен Тәжікстанның сегіз азаматы ұсталғаны хабарланған.