Тергеу мәліметінше, былтыр Алматы қаласында бір ер азамат мас болып көлік жүргізіп, жолдың екінші бетінде басқа бір автокөлікпен соғысқан. Екінші автокөліктің жүргізушісі зардап шеккен.
Күдікті оқиға орнынан қашып кеткен. Оған халықаралық іздеу жарияланған.
Биыл сәуірде ол Польша аумағынан табылды.
Бас прокуратура сұрауы негізінде күдікті Қазақстанға экстрадицияланды. Қазір ол тергеу абақтысында отыр. Ол үш жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
Осының алдында Польша Қазақстанға трансұлттық топ ұйымдастырды деген күдікпен іздестірілген бір адамды ұстап берген. Сол кезде күдікті Қазақстанда есірткі саудасымен айналысқаны айтылған.