Парламент Ташкент қаласы мен Ташкент облысында тұрғылықты жерге тіркелуге шектеу енгізген заңды жоюды көздейтін заң жобасын қарай бастады.
Заң 2011 жылы қабылданған. Ондағы ережелер Конституцияға қайшы келеді. Себебі бұл құжат Ташкент қаласы мен Ташкент облысында 12 санаттағы азаматтарға ғана тіркелуге рұқсат береді.
Парламенттің төменгі палатасы таратқан мәліметке қарағанда, астана мен Ташкент облысында "азаматтарды тіркеуге алу ісінде бюрократиялық кедергілер көп".
Заң жобасы тіркеуді шектейтін құжатты жоюды, елде азаматтарды тіркеудің бірыңғай жүйесін енгізуді көздейді.